Өлең, жыр, ақындар

Сырғауыл

— Сәлеметсіз бе, мырза, құзырыңызға құлдық! Қалай күн көріп жатырсың дейсіз бе? Құдайға шүкір. Әйтеуір тырпылдап жүріп жатырмын ғой. Жәрмеңкеден жәрмеңкеге, базардан базарға жүгіремін... Жас болса қырыққа таяп қалды - тыным таппай безектегенімді көріп мықты екен деп ойлап қалмаңыз. Жанымды сақтайтын баспанамның барына да құдайға разымын - өзегім талып, өлейін деп жетемін, әйтеуір өз үйім ғой... бірақ ол да қайбір жетісіп тұр дейсін, шынымды айтсам, тірі пенденің басына салмасын, жалғыздықтан жарылып кете жаздаймын. Слободканың тіршілігін өзіңіз білесіз: қапырық ыстық, құрғақшылық, күн де батып бермейді... Үй болса қаңырап тұр, қатын өлген, балаларды да о дүниеге аттандырып жібергем, жалғыз шешем ғана қалқайып жүр. Бірақ соңғы кезде ол да сыр бере бастады: шама кеткен, аяғын зорға сүйретеді, құлақ керең, көз көрмейді, естен айырылып алжып отыр, жүдегені соншалық, деп қазір табытқа сала салсаң да сия кетеді. Кезінде қандай әйел еді десеңізші! Көрік десең көркі бар, ажары айдан аппақ! Ал қазір дым да жоқ, сырғауыл боп қалды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз