Өлең, жыр, ақындар

Жастар туралы

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Журналистика мамандығының 3 курс студенті
Жексенов Еламан Ақылбекұлы

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі — бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауы бойынша 2019 жыл жастар жылы болып бекітілді. "Еліміздің болашағы саналы ұрпақ қолында", "Мен жастарға сенемін" деп, ЕЛБАСЫМЫЗ біздерге үкілі үміт артып отыр. Сондықтан да осы жылы біздер, ерекше қарқынмен, еліміздің көркейуіне аз да болса үлес қосуымыз қажет.

Енді, "Мен не істей аламын?", "Не істеу керектігін де білмеймін"," Менің қолымнан не келеді?!" деген сауалдарға жауап:
Сенің қолыңнан барлығы келеді!

Әр бір адам өз алдына жеке тұлға. Қолыңнан келетін іспен айналыс. Мүмкін сен спортқа жақсы болуың мүмкін, биге, сурет салу, мүмкін түрлі шаралар ұйымдастыру сенің бейімділігің шығар. Өс, өн, әрі қарай дами түс.

Қолыңнан келмей жатса да, аяқсыз қалдырма. Мұқағали атамыз айтпақшы:
"Мәңгі сені жазбаған сүрінуге
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге" дегендей,
Мейлі, сенің қосқан үлесің аз бола берсін. "Көп түкірірсең көл" дегендей, сіз болып біз болып, Елбасымыздың бізге артқан үмітін ақтаймыз.
БІЗ ЖАСТАР БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫН БІРГЕ ҚАЛАЙМ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар