«Елдің басты байлығы- адам капиталы», демекші, білім саласында жүргізіліп отырған реформаның мақсаты - ХХІ ғасырда білім алушыларға қажет білім мен дағдыларды игерту. Болашақтың дағдыларын мектептен біліп, шынайы өмірде қолдануға дағдыланған, шыңдалған оқушы үлкен ақпараттар әлемі мен технологиялар заманында өзін-өзі іске жаратады, біліктілігін тиімді қолданады.
Осы орайда әлемнің озық елдерінің білім жүйесіндегі ең қажетті деген білім мен біліктіліктілікті шоғырландырған Кембридж бағдарламасы еліміздің мектептерінің оқу үрдісіне енгеніне де, міне, 5 жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт аралағында неге қол жеткіздік, не ұттық, неден ұтылдық, қазақтың ұлттық білім жүйесіне қосқан үлесі қандай деген сауал әрбір педогогты толғандырады деп ойлаймын.
Осы ретте ЖБББ бойынша мектебімізде білім алушылардың ілгерілеуі мен үлгерімін алға жылжытуда мұғалімнің тиімді жоспарлауының маңыздылығын негізге ала отырып проблемаларды бірлесіп шешу мақсатында ПШО-мен бірлескен жоспарымызды алдымен ұстаздарды оқыту, тәжірибесін шыңдаудан бастадық. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы пән ерекшелігіне қарай оқу мақсаттарын түсініп, сабақ мақсаттарын қоя білу, іс-әрекетте жоспарланған мақсатты іске асыру бойынша мектеп мұғалімдеріне әдістемелік семинар,тренингтер өткізілді. Сондай-ақ ҚМЖ-дың жоспарлау бөлімі бойынша ПШО тренерлері Абдикаримова Қ.Е мен Байжігітова Т.Р. мұғалімдерге тиімді кері байланыстар беріп, қайта жоспарлау, өзіндік анализ жасауда кеңестер беріп, өзара талдау жұмыстары жүрді.Мұғалімдер сабақ мақсаттарын құруда әдістемелік кеңестер алумен қатар, өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстары мен пікірлерін де білдірді.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылып жатқан оқушылардың өзіндік көзқарастары қалыптасып, сыни пікірлерін еркін жеткізетіні, ойларын мысалмен дәлелдей алатындығы, мақсат қойып, оның жету жолдарын білетіндігі және жаңа мамандықтар түрлерінен ақпараттар алып, алған білімін басқалармен бөлісе алатын қалыптасқан метатанымды оқушы тұлғсынан көргіміз келетін қасиеттер емес пе?!
Сонымен білім саласындағы реформа арқылы ұтқанымыз деп білім алушының шынайы өлшемдер арқылы бағаланғанын білетіндігін, өздігімен білім алу дағдысының қалыптасатындығы, әркім жеке қабілетіне қарай дамып, қоғамда алған білік-дағдыларын орынды қолданып қана қоймай, бөлісе алатындығы бүгінгі қоғамда өзін-өзі іске асырып, жарата алатын функционалды сауатты тұлға қалаптастыруға негіз болатындығымен ұтымдылығы заман талабына сай келеді.
Ал ұстаздар өз жұмыстарын нақты мақсаттар арқылы жоспарлап, педагогикалық рефлексия жасау арқылы қайта жоспарлауға, алдыңғы білім мен бүгінгі оқу мақсаттарын байланыстырып, оқушының мүмкіндігіне қарай дамытатын озық жүйе деп бағаланатынын уақыт дәлелдеп отыр.
Смаилова Айкен Исатаевна, Жамбыл атындағы ММИ, Қарағанды қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі