Өлең, жыр, ақындар

Ұзын тырнақтың асты өте лас болады және ол қол жуғанмен тазармайды

Тырнақ астындағы ауру тудыратын бактериялар түспейтін жерге түсіп кетсе, маникюрыңыз денсаулығыңызға қатты нұқсан келтіруі мүмкін. Жайлы және сыртқы әсерлерден қорғалған ауыз қуысы немесе кіндік сияқты тырнақтың астында да түрлі микроағзалар өмір сүреді және қолыңызды жуғанда, олардың барлығы бірдей жылы орнынан кете қоймайды. Тырнағыңыз неғұрлым ұзын болса, қауіп те соғұрлым көбірек.

Әлемнің әр түкпірінде әр түрлі уақыттарда жүргізілген зерттеулер осыны растайды. 1988 жылы Пенсильвания Университеті Дерматология департаментінің зерттеушілері университеттің медицина мектебі қызметкерлерінің, науқастармен араласпаған 26 ересек еріктінің қолын зерттеуге кіріседі (Composition and density of microflora in the subungual space of the hand.). Олар тырнақ астындағы орынның бактериялардың өте көп шоғырланатын жері екенін байқады. Сыналушылардың саусақтары мен алақандарында жүздеген немесе мыңдаған бактериялар болса, тырнақ астындағы кішкентай ғана жерде әр саусаққа жүз мыңнан келетін бактериялар бар болып шықты. Ондағы бактериялардың түрі қолдың қалған бөлігіндегімен бірдей, бірақ саны әлдеқайда көп болды. 2000 (Pathogenic Organisms Associated With Artificial Fingernails Worn by Healthcare Workers) және 2002 (Artificial nails: Are they putting patients at risk? A review of the research) жылдары жүргізілген зерттеулер де дәл осындай нәтижелерді берді.

Ғалымдар тері мен тырнақ арасындағы жер осы ұсақ ағзалардың өсуі мен көбеюіне қолайлы орта жасайды деген дұрыс болжамға келді. Біріншіден, тырнақ оны сыртқы әсерлерден қорғап тұрады, екіншіден, ол жер ылғалды және жылы, ал үшіншіден, тырнақ астына ұсақ ас қалдықтары кіріп кетеді. Бұл жер бактерияларға, әлбетте, жағады, бұл — олардың сүйікті орны. Енді сізде тырнағыңызды кеміріп, кебесін тістемеудің тағы бір себебі бар.

Сондай-ақ зерттеушілер микробтар саны жасанды немесе табиғи, лак жағылған немесе жағылмаған тырнақтың қайсысында көбірек болады деген мәселеге қызықты. Табиғи тырнақтан гөрі, жасанды тырнақтың астында микроағзалардың көбірек жиналатыны анықталды. Ал лактың болу-болмауының микроб санына келіп-кетері жоқ. Сондықтан, барынша таза жүргіңіз келсе, лак жақсаңыз да, жақпасаңыз да, тырнағыңызды мұқият алып жүргеніңіз жөн.

Оқуға кеңес береміз:

Біз ескере бермейтін ең лас 10 зат

Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі

Үй жинауды жеңілдететін 13 интерьерлік қулық

Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет

Тазалыққа арналған 9 амал


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Дастан

Тырнағы ұзын адам көрсем құсқым келеді әсіресе әйел болса

Адик

Барлық нәрсенің табиғи болғаны әдемі ғой, бояп, жасанды тырнақ жабыстырып алатындарды түсінбеймін.

Айнара

Тырнағым өсіп кетсе бір ауырлық сезінемін, тырнақ алсам рақаттанып қаламын)

Жанар

Жалпы тазалық деген жақсы ғой

Радина

Тазалық иманнан дейді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз