Мысырға келетін туристерді көрікті жерлер емес, Мысырдың ең қарапайым үйлері таң қалдырады. Олар — шатырсыз үйлер. Жергілікті адамдар үшін бұл қалыпты жайт және жылдан жылға осындай жаңа үйлер тұрғызылуда.
Шатырсыз үйде өмір сүру өте ыңғайлы екен. Мысырдың климаты ыстық, қысы жылы, жаңбыр өте сирек жауады. Сондықтан үйге шатыр қатты қажет емес. Мұндай үйлерде тұратын мысырлықтар салқын уақытта көрпе жамылып, ал шатыр орнындағы тесікті бірнәрсемен жабады. Бірақ, бұл климатқа ғана байланысты емес.
Бұрын Мысырда шатыры жоқ үйлер, тіпті, бай аудандарда да жиі кездесетін. Бүгінде байлар кондиционерге қол жеткізгендіктен, шатыр арқылы желдету қажет болмай қалды. Негізінен шатыры жоқ үйлер кедей аудандарда көбірек, ондай үйлер, тіпті, Египет астанасы Каирде де кездеседі. Кедейлердің үйлері көп қабатты болады. Бірақ іші өте ретсіз келеді. Мысырлықтар жылжымайтын мүлік салығын төлемес үшін шатыр қоймайды. Осы елдің заңына сәйкес, егер үйдің шатыры болмаса, оның иесі оған салық төлеуге тиіс емес. Мұның түбінде көп ғасырлық тарихқа қарағанда ақшаға байланған осындай қулық жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қозы
Негізі бұлар үй емес қорған кедейлер отырады ,адамдар өлідермен бірге турады