Барлығымыз дерлік назарымыздан тыс айналадағы адамдардың көзқарасын сезінуге қабілеттіміз. Кейбіреулер мұны ерекше алтыншы сезім деп атайды. Алайда, ғылыми ортада бұл «көзқарасты анықтау жүйесі» деп аталады. Оның қалай жұмыс істейтінін былайша түсіндіруге болады.
Көзқарасты анықтау жүйесі өмір сүру инстинктінің (миыңыз алдыңызда болмаған өзгелердің жасырын көзқарасын сезген кезде әрдайым іске қосылатын) жүйесімен тығыз байланысты. Мұндайда мидың кей жасушалары «дабыл» қағып, іске қосылады. Ең қызығы, сізге қарап тұрған адам көзін бірнеше градусқа оңға не солға қарай бұрғанда олар қайта өшкен болады.
Көзқарасты анықтау жүйесінің механизмі басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде сіздің көзқарасыңыз қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біреуге қарау арқылы оған өз сезімдеріңіз бен ниетіңізді білдіріп, ұнатып немесе ұнатпай тұрғаныңызды көрсете аласыз. Сонымен қатар, «көзбе көз» байланыс қорқытуы мүмкін. Бұл жыртқыштың құрбанына қарап, оған тап бермес бұрын жасайтын іс әрекеті сияқты. Дамыған перифериялық көрудің арқасында құрбандық бұл көріністі байқап, бірден жүгіре жөнеледі. Қазір ерте замандардағыдай қарапайым өмірде жыртқыш аңдар адамдарға шабуыл жасамайды. Алайда, көзқарасты анықтау жүйесі (мүмкін жыртқыш жаныңызда шығар?) өзін-өзі қорғау инстинкті әлі де жұмыс істейтіндіктен жоғалып кеткен жоқ.
Көзқарасты анықтау жүйесі бізді басқалардың көзқарасына сезімтал етті. Мұның бәрі адам көзінің анатомиясына — ақ шырышты қабат пен қарашыққа — байланысты. Әдетте, жануарларда қасаң қабық көздің біршама бөлігін алады, ал ақ шырышты қабат адамдікіне қарағанда қара болып келеді. Қарашық пен ақ шырышты қабат арасындағы қарама-қайшылық біз үшін басқа адамның қайда қарап тұрғанын анықтауды жеңілдетеді. Адамдар өркениеттің бастапқы кезеңдерінің өзінде топтарға біріге отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытты. Мұнда да көз маңызды рөл атқарды.
Биологтардың болжамы бойынша, көздегі ақ шырышты қабат адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының жақсаруы үшін дамыған. Өйткені, көз арқылы сөйлесуге уақыт жұмсамай-ақ қауіп туралы сигнал жіберуге болады. Сондықтан көзқарасты анықтау жүйесі — адамдар үшін үлкен артықшылық. Осылайша ми маңызды нәрсе болып жатқаны туралы сигнал береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі