Өлең, жыр, ақындар

Жел қалай пайда болады?

Ауа миллиардтаған бөлшектерден құралады, бірақ біз оларды көрмейміз. Негізгі бөлшектер — азот пен сутегі. Осы титтей ғана элементтердің арқасында құйындар мен дауылдар пайда болып тұрады.

Жердің атмосферасы қалыңдығы 100 километр болатын газдардан құралған қабық болып табылады. Бөлшектер атмосфераға біркелгі жайылмаған: олардың басым бөлігі Жер бетіне жақын аралықта, азғантайы ғана — ғарышта. Бөлшектер бірінің үстіне бірі «қойылған» және де олардың жалпы салмағы планетамыздың бетіне түсіп тұрады. Дәл осы салмақ атмосфералық қысым болып аталады. Ол жер беті температурасының қандай болуына байланысты өзгеріп отырады. Жер беті неғұрлым жылы болса, ауа соғұрлым жыли түседі де, бөлшектер жоғарылай береді. Жер бетіндегі бөлшектер аз қалған кезде атмосфералық қысым төмендеп кетеді. Және керісінше, суық кезде бөлшектер төмендеп кетеді де, олардың салмағы жерге түсетін қысымды күшейтеді.

Салқын ауаның бөлшектері қысым аз аумаққа кездейсоқ тап болған кезде жел пайда болады. Салқын бөлшектер бір-біріне қатты қабысып тұратындықтан, үлкен-үлкен қозғалмалы ауа ағындары пайда болады. Желдің жылдамдығы қысым төмен аумақ пен жоғары аумақтың арасындағы айырмашылыққа байланысты: айырмашылық неғұрлым үлкен болса, жел соғұрлым қаттырақ соғады. 

Жел және оның түрлері

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білеміз. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де анықтайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.

Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады.

Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.

Жел ағысы

Жел ағысы — мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Болат

Мен басқа желдің қалай пайда болатынын білемін)

Бұлбұл

Өт дұрыс жұмыс жасамаса (жел)пайда болады.

Дәурен

Топ

Бердігүл

Желдің алдын каитіп аламыз

Адай

Топ

Жансая

Өте керемет

Жанерке

Маган оте катты унады.Оте кушти.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз