Өлең, жыр, ақындар

Әйтеке бидің сыншылдығы

Бірде Жоңғар ханы Қалдан Бошақту Әйтекеге:

— Мына астымдағы сымға тартқан күмістей, қанатты тұлпарымды сынап берші, - дейді.

— Мұның нағыз тұлпарға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Есекке шатысы бар екен. Тұрпатына, төзімділігіне зейін аударыпсың. Құлын кезінде енесі өліп, сарттың саудагері есекке теліген екен. Әлгінде кісінегенде бақырған есектей дауысын созып, екі бүйірін солқылдатып, үні тарғылданып шықты. Ал шынайы тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілтіп, әсерлі қайырып кісінейді, — дейді Әйтеке би. Әйтеке бидің біліктілігі мен көшелігіне қайран қалған қонтайшы Қалдан Бошақту жеңілгенің мойындапты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз