Өлең, жыр, ақындар

Төле бидің шешендігі

Атақты билер арқаға жиналыпты. Айтқан мезгілден Төле би кешігіп келеді. Оған шамданған қарт билер:

— Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық, — деп әуелдеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек екі-үш би ғана тұрмайды. Төле би көпшіліктен кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін сынай сұрақ қояды:

— Бақ дегеніміз не?

— Байлық дегеніміз не?

— Бала дегеніміз не?

Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрған бойда:

Бақ — ұзатылған қыз,

Байлық — еритін мұз,

Бала — артта қалған із.

Өмірдің адамға ең жақсы сыйы —

Сыйласқан сіз бен біз, — дегенде, билердің бәрі орындарынан тұрып, құрмет көрсетіпті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Сабыр

Пайдама жарады, рахмет!

Сабыр

Байлық — еритін мұз!

Сүлеймен

Көп көп рахмет емес

Сүлеймен

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз