Махамбеттер, Абайлар-ай
Бұл бетте «Махамбеттер, Абайлар-ай» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері --
Жанымды жеп жүр менің көптен бері.
Атысу, аңдысу мен таласудың,
Санасу, табысу мен жарасудың,
Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым,
Алдында алуан-алуан мінездердің,
Амалсыздан келеді мың өзгергің.
Әркім өзін балайды данышпанға,
Бір-бір құдай санайды бір өздерін.
Білмейді екем...
Қолымнан келмейді екен,
Жоқты аңсап, жоқ сусынға шөлдейді екем.
Қой енді, тыйылайын, бұғынайын,
Ойымды орасанға белмей бөтен.
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!
Оте жаксы жазылга бары бар
Маган осы өлеңі катты унайды
Жақсы
Өте жақсы өлең .Маған осы өлең қатты ұнайы.
Күшті
менің ең сүйікті ақыным мұқағали мақатаев
Мұқағали Мақатаевтың Махамбеттер, Абайлар-ай өлеңі ұнады
Осы өлең маған қатты үнады
өте әсерлі тақпақ екен
өте әсерлі өлендер
Мынаны мен бір күнде жаттап алдым
Маған ұнады өте әсерлі ????????????????
Өте күшті
Күшті
екен! Маған ұнады өте ????лллллллллл
Маған ұнады
Мен жаттап жатырм жарыска айтуга