Бөбекке (сәбиге) арналған тілек

Басты бет / Тілектер, құттықтаулар / Бөбекке (сәбиге) арналған тілек

Бөбекке (сәбиге) арналған тілек — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.

Материал — тілек, құттықтау, туған күн, туған күнге тілек — осы тақырыптарға байланысты.

Сен арқылы айналды өмір жұмаққа
Былдырлаған кіп-кішкене балақан,
Жүрегімнен саған шуақ таратам.
Саған деген махабатты мендегі
Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.
Саған ермек бесіктегі сылдырмақ,
Маған өзің жыр оқисың былдырлап.
Мынау өмір айналды ма жұмаққа
Сыр айтады құс тілінде күмбір бақ.
Менің орта көңілімді толтырдың,
Менің орта өмірімді толтырдың.
Қайда кеткен бұл күндері таң қалам
Бір кездегі көңілдегі мол кірдің?
Сен арқылы айналды өмір жұмаққа,
Сенен балам, кете алмаймын жыраққа.
Сезінемін қайда жүрсем деміңді
Былдыр үнің естіледі құлаққа.
Содан кейін үйге қарай ұшамын,
Қуаныш пен шаттық толып құшағым.
Сен арқылы ғашық қылған дүниеге
Шүкір айтып Жаратқанға, құшамын.

*** *** *** ***

Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!

*** *** *** ***

Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

*** *** *** ***

Күнім, гүлім, айымсың,
Көктемдегі қайыңсың.
Тәй-тәй басып үлгермей,
Папа деуге дайынсың.

Алтын қызым – батырым,
Биік болсын шатырың.
Асыл қызым – Нұргүлім,
Айналайын, ақ гүлім!



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөбекке (сәбиге) арналған тілек деген не?

Бұл бетте Бөбекке (сәбиге) арналған тілек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бөбекке (сәбиге) арналған тілек материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі басқа материалдар тілек тақырыбындағы материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар туған күн тақырыбындағы материалдар туған күнге тілек тақырыбындағы материалдар өлең тақырыбындағы материалдар бөбекке тақырыбындағы материалдар