Эссе және өлең-жыр байқауы

Дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ облыстық форумы

Жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстың басын қосқан қазақ елі үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны ерекше. «Рухани келісім»-бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таниды. Негізгі қағидалары – «Дінаралық сыйластық! Еш қақтығыссыз! Қайырымдылық пен ізгілік!»

 Осы мақсатта орай Талдықорған өңірінде Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің ІІ облыстық форумы болып өтті. Форумға дін өкілдері мен рухани қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, белгілі ғалымдар мәдениет қайраткерлері БАҚ өкілдері жиналды.

Аталмыш форумда үндеуі қабылданып, ауданымыздың 3 қызметкері марапатталды. Атап өтер болсақ...

Қазақстан Республикасындағы толеранттылық пен конферссияаралық келісімді нығайтып, мемлекетіміздің біртұтастық жолында рухани келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылықты насихаттауда белсенділік танытқаны үшін «Шынасыл» мешітінің бас имамы Исламханов Қалымжан Әрібжанұлы «Үздік діни қызметкер» - номинациясын иеленсе,  Қарғалы ауылдық округіне қарасты «Майбұлақ» мешітінің имамы Асқар Әлімбековқа «Үлгілі діни ғибадатхана» - номинациясына табысталды. 

Ал, Қарғалы ауылына қарасты «Сәт» мешітінің имамы Сейтқали Серік-қажы Есімбекұлы облыс әкімінің «Алғыс хаты» зайырлы мемлекетіміздің асыл құндылықтарын дәріптеуде елеулі үлес қосқаны үшін берілді. Жеңістеріңіздің жемісін көріңіздер демекпіз...

Молдағалиев Ерхан Болатұлы  
Алматы облысы Жамбыл ауданы  
«Шынасыл» мешітінің ақпараттық тілшісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...