Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар елбасының тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты.Сондай-ақ, үлгерімі жоғары студентер мен оқушылардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені,мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушы.
Бастауыш сынып мұғалімі үшін, оқушы жазылмаған ақ қағаз секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп курста оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Жаңа инновациялық технологияны пайдалану
Білім беру жүйесіне жаңа инноавциялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктігінде ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуге жас ерекшеліктерін ескере отырып орындату қажет.
8. Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.
Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жеке қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады. Ақпараттық технология білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материалын жеңіл меңгеруін, компютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.
Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Бастауыш мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білу үшін, ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану. Өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп, бақылау икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.
Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, бастауыш мектепте информатика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты пәндермен ұштастыра отырып оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінеді.
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,сабақтың тиімділігін арттыру.Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату,яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету,пәнаралық байланыстарды тереңдету,қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу,әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту,күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру,компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу,ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра білу,ақпараттық мәдениетті қалыптастырып,мәселені модельдей білуді дамыту және ең бастысы тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетісітігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға обьективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинақы ретінде қалыптастырылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Ендеше қазақ мектептерінің білім деңгейін арттыру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру үшін мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алатын бағыты болуы тиіс. Осылай айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе білім беруді ақпараттандыру, мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы құзіретті мұғалім өз тәжиірбесін жетілдіре түспек.
Достан Ақбота Кенжебекқызы
Ақжол-РА жекеменшік мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі