Үш жалқау жігіт күн кешкіре бір үйдің тұсына келеді. Ертеңгі жеріне ерте жету үшін ілгеріліп қонуды ойлаған олар үйден шыға келген қыздан:
— Бұдан былай қоналқалық жер бар ма? — деп жөн сұрапты.
Сонда қыз:
— Аз жүрсеңіз, Әлдеқайда деген жерге, одан ары өткенде Апақ-Сапақ деген жерге, одан сәл өткенде Әттеген-ай деген жерге барасыздар, — депті. Мұны ұққан жолаушылар ілгерілеп жүріп кетеді. Келе жатып қас қарая біреуі:
— Әлгі Әлдеқайда бар ма, жоқ па? — дегенде, тағы бірі:
— Ойбай, Апақ-сапақта қайда кетіп барамыз, — депті. Сонда үшінші жігіт тұра қалып:
— Әттеген-ай, әлгі қыз бізді қаңғыртқан екен ғой, — деп опық жепті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі