Америкалық фотограф Эрик Пикерсгилл суреттеріндегі смартфондарды қиып тастау арқылы адамдардың қаншалықты жалғыз екенін көрсетті.
Бүгінгі таңда смартфонсыз жүретін адамдарды кездестіру қиынның қиыны. Бір қызығы, осы дағдыға етіміз үйреніп кеткеніміз соншалық, тіпті ақылды қалтафондарды жанымыздан бір елі қалдырмайтын болдық. Ойға барсақ та, қырға барсақ та қалтафон қасымызда. Америкалық фотограф Эрик Пикерсгилл мобильді байланыстарсыз өміріміз әлдеқайда қызық болатынын алға тартады.
Фотографтың Removed деп аталатын суреттер сериясы смартфондарына беріліп кеткен адамдардың портреттерін бейнелейді. Бірақ дейтін дүние бар. Шын мәнінде олардың қолдарында ешқандай да смартфон жоқ. Эриктің нақ осы пошымды таңдап алғандағы негізгі мақсаты — көпшілікке смартфонсыз өмірдің қаншалықты жалғыздыққа толы екенін ұғындырып, ой салу.
Осы іспетті суреттер легін түсіруді Пикерсгилл 2014 жылы АҚШ та бастады. Суреттерінің басым бөлігі өзінің туған штаты Солтүстік Каролинада түсірілген.
Суреттер тек смартфондар жайлы ғана емес, сонымен қатар планшеттерді де (немесе Nintendo Switch? де) меңзейді.
2018 жылдың маусымында Эрик Азиядағы Вьетнамда, Мьянмада, Сингапур мен Индонезияда да осыған ұқсас жайттарды суретке түсіре бастады.
Егер, сіз бұл суреттер тек жастарға қатысты десеңіз, қателесесіз.
Алдағы уақытта Пикерсгилл Үндістандағы осыған ұқсас сериялар тізбегін түсірмекші. Барлық суреттерді оның ресми сайтынан (removed.social) көре аласыздар.
bilim-all.kz, Назерке Әсетова
12 жасқа дейінгі балаларды не үшін гаджеттерден алшақ ұстау керек?
Неліктен смартфондар темекі секілді зиянды
Смартфондардың көк түсті жарығы соқырлықты жылдамдатып, көру қабілетін нашарлатады
Телефон тәуелділігінен құтылудың 7 тәсілі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі