Алғашқы төлқұжаттар орта ғасырда пайда болды. Бұл құжат түрі сол кездегі тұрғындардың бір қаладан екінші қалаға ешбір төлем немесе салықсыз, еркін саяхаттауына мүмкіндік берді. Тіпті, осы еркіндіктің ауқымын барынша кеңейту үшін қалалар арасында құжатқа қатысты өзара келісім жасалатын. Еркін саяхатаушыларға pass porte берілді.
Ал, шенеуніктерге төлқұжат беретін билеушінің өзі болды. Құнды құжатқа ие болған шенеуніктердің қай-қайсысы болмасын, корольдіктің кез-келген қаласына оңай кіруге мүмкіндік алды. Ең алғашқы төлқұжатты қолданысқа енгізген Анлияның Генрих V королі. Мұндағы негізгі мақсат саяхаттау еркіндігін қалыптастыру екенін жоғарыда айтып өттік.
Албания төлқұжаты 1921 жыл
Төлқұжаттың қысқаша тарихы осындай. Ал, бүгінде төлқұжат бірнеше жылдарға созылған түрлі кезеңдерден өтіп, біршама өзгергенін айта кетпеске болмас. Тіпті, бүгінгі таңда төлқұжаттағы суретке қатысты әр елде өз заңы мен ережелері қабылданып үлгерген. Мәселен, Жаңа Зеландияда тек ақ-қара түсті суреттерге ғана рұқсат етілсе, Ұлыбританияда жымиып, күліп түсуге тыйым салынады.
Алайда, төлқұжатқа сурет қою тек 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасыр басында ғана пайда болған үрдіс. Бірақ ешқандай шарттары болмаған.
1914 жылдардағы төлқұжат
Сурет қою үрдісі қашан және қалай қалыптасқанын білу үшін тарихқа ойысайық. 1876 жылы Филадельфияда өткен көрме кезінде, билетке иелерінің реттік қатары, аты-жөнімен бірге суреттері жабыстырылған болатын. Кейін осы идеяның көңілден шыққаны соншалық, төлқұжатқа сурет қою үрдісі басталып кетті.
Бір қызығы, бұған дейін төлқұжат тек адамдардың түр-әлпетін ғана сипаттап келді. Мәселен, құжат иесінің кескінін баяндау үшін ол адамның түр-әлпетін суреттеуге тура келетін. Соған сәйкес, «төлқұжат иесі қырмұрында, аққұба, бұйра шашты» секілді тіркестер қалданылатын. Мұнда бет-пішінді сипаттау барысында жаңылыспау маңызды болды.
1841 жылдардағы адамның сипаттамасы жазылған америкалық төлқұжат
Алғашқыда құжатқа кез-келген сурет түрі жарай беретін, тіпті топтасқан түрі де. Соның айқын бір дәлелі, танымал жазушы Артур Конан Дойлдың отбасылық суреті. Жазушының 1915 жылғы құжатында жары, балаларымен түскен суреті қойылған.
Барлық отбасы мүшелерінің суреті бар төлқұжат
Қазіргідей емес, сол дәуірде суретке қалай түсуді төлқұжат иесі өзі шешетін. Ұзынынан толық бойы алынған немесе қалпақ костюммен түскен суреттер, тіпті өзіңнің сүйікті ісіңнің үстіндегі суреттерді қоюға ешбір кедергі болған жоқ.
Әйелінің суреті қойылған күйеуінің төлқұжаты
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мемлекеттер шекаралық бақылауды енгізді. Осындай алмағайып кезеңде төлқұжат тыңшы секілді күмәнді адамдарды кіргізбейтін сақтандыру құралына айналды. Саяхаттаушылардың осы сынды сақтық шараларды кедергісіз өтуін төлқұжаттар қамтамасыз етті. 1918 жылы бейбітшілік орнаған кезде көптеген мемлекеттер шекаралық қауіпсіздікті сақтай отырып, төлқұжатты да сақтап қалды.
bilim-all.kz, Назерке Әсетова
Әлемнің ең кішкентай алты қаласы
Жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер
Ибн Баттута дешті-қыпшаққа саяхат (1330-миладі жылы, 730-хижра жылы)
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі