араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.
араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.
араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.
терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
киіктің лағы; уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.
араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.
араб тілінен алынған хадр — күшті, кұдіретті; қабілетті, икемді, бейімді; дәреже, құрмет.
араб тілінен алынған хадр + алы, али — жоғары, яғни қадірі, беделі биік, жоғары.
араб тілінен алынған тадж — мекеге барып қайтқан адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Қажымұрат, Қажығали, Қажыкен.
араб тілінен алынған қазы + қазақ сөзі туған. Қазы болып туған бала деген мағыналы есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қазтай.
араб тілінен алынған каиф — балшы, балгер. Біріккен тұлғалы есім — Қайыпбек.
араб тілінен алынған кейр — мейірім, шапағат, жақсы, қайырымды, тамаша; кайырым, мейірім. Біріккен тұлғалы есімдер - Қайырбай, Қайырбек, Қайырғали, Қайыржан, Қайырболат.
араб тілінен — аса қайырымды, шапағатты, мейірімді адам деген мағыналы есім.
араб тілінен — аса қайырымды, мейірімді адам болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қайыртай.
өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.
талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.
иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп, жалғауы - дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.
ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған
иран тілінен алынған хол - мең + Мұхамбет, яғни менді, бақытты Мұхамбет. Синонимі — Меңдіахмет. Қысқартып айту тұлғалары — Қалмат, Қалмақан, еркелете айтылатын түрі — Қалқен, Қалтай.
араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.
қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.
қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі
қара — ірі, үлкен, зор + тай - көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.
араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.
араб тілінен алынған хасим — сұлу, әдемі; таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.
араб тілінен алынған — әдемі, тамаша; жақсы, жарасымды.
араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату; баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.
қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.
араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.
балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.
қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.
бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.
қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.
ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.
иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі