Өлең, жыр, ақындар

Вильгельм Гауф

Вильгельм Гауф (Үлгі:Lang-dutch, 29 қараша 1802 жыл, Штутгарт – 18 қараша 1827 жыл, сонда) – неміс жазушысы және новеллист. [1]
Әдебиеттегі бидермейер бағытының өкілі. 1820 жылы Тюбинген университетіне түседі. Төрт жылдан соң философия және теология мамандықтары бойынша доктор дәрежесін алады. Кейін қорғаныс министрі барон Эрнст Юген фон Хёгельдің балаларына жеке оқытушы болып жұмыс істейді. Оларға арнап «Märchen» атты қиял-ғажайып ертегілер жинағын жазады. Ол 1826 жылы басылып шығады. Сонымен қатар «Кішкентай Мук», «Калиф-Ләйлек» атты атақты ертегілері бар. «Лихтенштейн» атты тарихи романы ХІХ ғасырдағы ең үздік романдардың бірі болады.



Қарап көріңіз