Өлең, жыр, ақындар

Әшірбек Төребайұлы

Әшірбек Төребайұлы Сығай (Сығаев) - театр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989).


Нақыл сөздері

Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын.

Ілмектер: ел, жүрек, Қазақ, өнер Әшірбек Төребайұлы

Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол – классика. Классика деген – мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих тапқан рухани дүние.

Ілмектер: классика Әшірбек Төребайұлы

Қарап көріңіз

Пікірлер