Владимир Иванович Даль

Владимир Иванович Даль туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Даль Владимир Иванович(1801, Украина, Луганск қаласы – 1872, Мәскеу қаласы) – дәрігер.
Ресей ғылым академиясының корресподент мүшесі (1838).
Дерптск университетінің медицина факультетін бітіріп, Түркияда, Польшада, Санкт-Петербургте, Орынбор губерниясында қызмет еткен.
Э.А. Эверсманның «Орынбор өлкесінің жаратылыс тарихы» атты көлемді еңбегін автормен келісе отырып, түсіндірмесімен неміс тілінен орысшаға аударған (1840, Қазан).
Дальдің аудармасында Үстірт ғылымда тұңғыш рет аты дұрыс жазылып, табиғаты, жер бедері, жануарлары (сүтқоректілер, құстар және жәндіктер) жақсы баяндалған. Бұл еңбек күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. 50 жылдан астам уақытын орыстың көп томдық түсіндірме сөздігін жасауға сарп етті. Осы еңбегі үшін Дальге Ломоносов атындағы сыйлық иегері және Ресей ғылым академиясының құрметті академия атақтары берілді (1863).

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері