Нәсіреддин Сералиев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылы - 20.11.1984, Шымкент) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). 1952- 1958 жылдары "Ленин жолы" газетінде тілші, 1958- 1962 жылдары "Үгітші блокноты", "Ақ желкен", "Балдырған" журналдарында әдеби кызметкер, 1962-1965 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1964-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. "Еңлікгүл" көркем фильмінің сценарийінің авторы ("Қазақфильм". 1974). Орыс жазушылары А.П.Гайдардың, И.С.Котяровскийдің. С.А.Баруздиннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі