Даниель Дефо

Даниель Дефо туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Даниэль Дефо (Үлгі:IPA-en; 1660, Лондон -1731) - Ағылшын жазушысы, публицист. Атақты «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» романының авторы. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.

Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері