Александр Дюма

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Александр Дюма (фр. Alexandre Dumas, père; 24 шілде 1802, Виллер-Котре — 5 желтоқсан 1870, Пюи) — қызықты романдары арқылы бүкіл әлемге танылған француз жазушысы. Ол романтикалық пьесалар мен көптеген тарихи романдар жазған. Сонымен қатар драматург, әрі журналист болған. Өз ұлының да есімі Александр және ол да жазушы болғандықтан, түсініспеушіліктің алдын алу мақсатымен бұл жазушы туралы айтылғанда "-әкесі" атауы қосылады.