Бәйдібек Қарашаұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Қарашаұлы Бәйдібек (VІ-VІІ ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 604-678 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі