Абдрахман Асылбек — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Абдрахман Асылбек мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Абдрахман Асылбек шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет еткен. Сондай-ақ, «Жазушы» және «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, Республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң» газеттерінде қызмет атқарған.