Нұртуған Кенжеғұлұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын. Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым тармағы.
Атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13–15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910–20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. Нұртуған Арал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды.
Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі