Николай Чернышевский

Николай Гаврилович Чернышевский (24.7.1828, Саратов қ. — 29.10.1889, сонда) — Ресей философы, публицист, жазушы, әдебиет сыншысы.

Саратов діни семинариясында (1842 — 45), Санкт-Петербург ун-тінің тарих-филол. бөлімінде оқыған (1846 — 50). Ч. ун-тте оқып жүрген кезінде өз бетімен білімін жетілдірумен шұғылданып, тарих (Ф.Гизо, Ж.Мишле), философия (Г.Гегель және Л.Фейербах), социология (А.Сен-Симон, Ш.Фурье) туралы еңбектерді мұқият зерттеді. Ч. көзқарасының қалыптасуына орыс әдебиетшілері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, т.б. үлкен ықпал етті. “Отечественные записки” (1853) журналында мақалаларымен көрінген Ч-ді Н.А. Некрасов “Современник” журналына тұрақты қызметке шақырды. Осында жүріп 1855 ж. “ґнердің болмысқа эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылы “Орыс әдебиетінің Гогольдік дәуірінің очерктері” атты еңбегін жариялады. В.Г. Белинскийдің әдеби-сын саласындағы дәстүрін жалғастырған ол бірте-бірте журналдың идеялық жетекшілерінің біріне айналды. Осы журналда жүріп Н.А. Добролюбов, Некрасовпен бірге Ресейдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, саяси, экон., тарихи және әдеби шығармалар жариялады. А.И. Герценмен саяси байланыста болуы себепті 1862 ж. тұтқындалып, Петропавл қамалына жабылды.


Нақыл сөздері

Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.

Ілмектер: білім, сезім, қайырымдылық, нақыл, афоризм Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.

Ілмектер: адам, денсаулық, сұлулық, әсемдік Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.

Ілмектер: ой, алғырлық, қайрат Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Неғұрлым аз жәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өседі.

Ілмектер: бала, намыс Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын, оны солғұрлым жақсы көресің.

Ілмектер: ғылым Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Дөрекі болу - өз басының қадір-қасиеті туралы ұмыту деген сөз.

Ілмектер: дөрекі, дөрекілік, қадір, қасиет, ұмыту Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Әділдік адам іс-әрекетінің нормасы болуға тиіс.

Ілмектер: әділдік Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз