Қанат Қайым — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Қанат Қайым мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Қанат Қайым шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Қанат Қайым (1955 ж.т.) — жазушы, баспагер. Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. Пионерлер үйінің директоры болған. «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосында» редактор, «Қазақстан мұғалімі» журналының бөлім меңгерушісі, «Алматы ақшамы» газетінде жауапты хатшы, «Балауса» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. «Айналайын, абай бол», «Жазып, сызып үйренемін», «Абай бол, жол ашық», т.б. кітаптардың авторы. Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.