Өлеңдер Бөлімі

Әділ Балта

Әділ Балта (1949 ж.т.) — балалар жазушысы. Қарақалпақ АССР-ы Мойнақ ауданы Әлиауыл поселкесінде дүниеге келген. 1973 жылы Қожелі педагогикалық училищесін бітірген. Көп жыл мұғалім болып қызмет еткен. Кейін ҚазМУ-ды сырттай бітірген. 1993 жылы Қазақстанға келіп, «Ұлан» газетінде қызмет істеген. «Атамның жұлдызы», «Алданыш», «Інімнің өкпесі», «Тырналар келе жатыр», т.б. кітаптары жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағының С. Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты. Балаларға арналған бірнеше жабық конкурстардың жүлдегері.


×