Өлең, жыр, ақындар

Айса Хамзеұлы

Айса Хамзеұлы — балалар қаламгері. 1934 жылы 19-шы тамызда Ақмола облысы, Астрахан ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Жергілікті мектепте орта білім алған ауыл баласы 1951-1954 жылдар аралығында Ақмоладағы педагогикалық училищесінде білімін шыңдап, туған ауылына мұғалім болып оралды. Бастауыш сыныптарға 5 жыл мұғалім болғаннан кейін Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түседі. Сөйтіп тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін ауылға қайта оралып, өмірінің соңғы жылына дейін ұстаздық ұлы жолда абыройлы қызмет еткен.


Қарап көріңіз