Кеңес Оразбекұлы

Кеңес Оразбекұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Кеңес Оразбекұлы (1956 ж.т.) — жазушы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы «Дарбаза» кеңшарында туып-өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Егемен Қазақстан» (1989-1991), «Ұлан» газетінде (1991-2004) қызмет еткен. «Ертегі туралы ертегі» (1993), «Ай аттары қайдан шыққан?», «Мүшел жас» (2002), «Наурыз көже» (2007), «Қанатты сөз – қазына» (2010), «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұрдың ерлік жорықтары» (2010) кітаптарының авторы. Алматы қалалық әкімшілігі (2005) мен «Бөбек» қоры ұйымдастырған (2006) республикалық бәйгелердің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» және Қазақстан Кинематографистер одағы жариялаған сценарийлер конкурсы (2009) мен халықаралық «Дарабоз» бәйгелерінің (2009) жүлдегері.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары