Өлең, жыр, ақындар

Асқар Дүйсенбі

Дүйсенбі Асқар — 1973 жылы туған.

Асқар Кейкіұлы Дүйсенбі – ақын, композитор, фольклорист-ғалым, сценарист, ұстаз.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

Шығармалары

Поэзиялық жинақтары:
• «Махаббат көктемі» – 1996 ж.
• «Ләйлә ғұмыр» – 2003, 2014 жж.
• «Табалдырық» – 2023 ж.


Ән альбомдары:
• «Жан арманым» – 2006 ж.
• «Тойға тілек» – 2016 ж.

Ғылыми монографиялары:
• «Түрік аңыздары мен әпсаналары» – 2011 ж.
• «Аңыздар мен абыздар» – 2017 ж.
• «Единица жақсысы» – 2020 ж.

Медиа және сценарийлік қызметі

Авторлық және сценарийлік жобалары:
Теле жобалар: «Таң қалмаңыз», «Кеш қалмаңыз», «Тіл тірегі», «Дудар-ай», «Хабар Stars», «Сонымен, солай дейік», «Аймақтар аламаны», «Көзқарас».
Музыкалық фильмдер: «Таң қалдырған хикая», «Ақ сұңқар», «Алтын алқа», «Біздің көктем», «Бақыт құсы».
Телесериалдар: «Қазына», «Мезгілсіз махаббат», «Сарай сыры» (Жәңгір хан туралы тарихи туынды).

Марапаттар мен жетістіктер
• 1990–2002 жж. республикалық және халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы.
• Шығармалары республикалық ән байқауларында («Сүйікті қалам – Алматы», (2013); «Әскери әндер», (2014) Гран при иеленген.
• 500 астам әндер мен ән мәтіндерінің авторы. Біршама поэзиялық өлеңдері түрік тіліне аударылып, «Kardes kalemler» сайтында жарияланған (2025).
• ҚР Президентінің әдебиет саласындағы арнайы стипендиясының иегері (2014).

Қазіргі қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде киномедиа бағытында дәріс оқиды, жас қаламгерлер мен шығармашылық мамандарды тәрбиелеуге атсалысып келеді.




Қарап көріңіз