Өлең, жыр, ақындар

Джон Стейнбек

Джон Эрнст Стейнбек — американдық прозаик, бүкіл әлемге әйгілі романдар мен повестер авторы: «Ыза шоғы» (1939), «Жұмақтан шығысқа қарай» (1952), «Адамдар мен тышқандар жайлы» (1937), «Алаң көңіл ақпаны» және т.б.; әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1962).


Нақыл сөздері

Адам біздің соңғы үмітіміз.

Ілмектер: адам, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Стейнбек

Адам дегеніңіз — қандай ғаламат құбылыс, қандай өлшегіштердің, индикаторлардың, есептегіштердің күрделі жүйесі десеңізші. Ал біз болсақ, солардың кейбіреуінің ғана көрсеткіштерін оқи аламыз, оның өзінде де өреміз жетпей, қателесіп, шат-шәлекейіміз шығады.

Ілмектер: адам, құбылыс, ғаламат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өре Джон Стейнбек

Адамдар сенбейтін үш нәрсе бар: біріншіден, шындыққа, екіншіден, шындыққа ұқсас нәрсеге, үшіншіден логикалық тұрғыдан дұрыс дүниеге сенбейді.

Ілмектер: сенбеу, шындық, логика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Стейнбек

Адамдар арасындағы жалғыздықтан қорқынышты ештеңе жоқ.

Ілмектер: жалғыздық, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқыныш Джон Стейнбек

Біз ақыл естуге емес, көзсіз табынуға үйірміз.

Ілмектер: ақыл, табыну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Стейнбек

Қарап көріңіз