Тұрсынжан Шапай мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.
Бұл автор бетінде Тұрсынжан Шапай шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.
Тұрсынжан Шапай — 1957 жылы 2 ақпанда Шығыс Түркістанда дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген (1979).
1979–1984 жж. Алматы облысы, Нарынқол ауданы О.Жандосов атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1984–1985 жж. Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар редакциясында, 1985–1986 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1986–1988 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1988–1990 жж. сын бөлімінің меңгерушісі, 1990–1998 жж. ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, 1999 жылы Абайтану бөлімінің меңгерушісі болды. «Қазақстан» теледидарында вице-президент қызметін атқарған.
1994 жылы «Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы» (80-ші жылдар) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазіргі қазақ лирикасы, лирикалық тұлға және Абайтану мәселелеріне арналған. Жүзден астам ғылыми, әдеби және публицистикалық мақалалар авторы.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1990). «Шын жүрек – бір жүрек» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алды (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Шығармалары: Ой түбінде жатқан сөз. Әдеби сын мақалалар. А., 1998; Шын жүрек – бір жүрек. Әдеби сын, зерттеу, эсселер. А., 1999.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі