Өлең, жыр, ақындар

Плутарх

Плутарх (Plutarchоs) (шамамен б.з. 46, Херонея қ. Беотия — 127) — ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Римде философиядан дәріс оқып, Херонеяда философия мектебінде ұстаздық етті. Ежелден сақталған мәліметтерге қарағанда Плутарх артына 200-ден астам туынды қалдырған. Оның ішінде “Моральдар” деген жалпы атпен шыққан ғылыми еңбегінде адам мінез-құлқына, қасиеттеріне (махаббат, достық, ашу-ыза, сараңдық, қараулық) талдау жасайды. Плутархтың “Аристофанды Менандрмен салыстыру”, “Жасөспірімнің алар тәлімі”, “Гесиодке түсініктеме”, “Гомерді зерттеу” сияқты әдеби тақырыптарға арналған шығармалары бар. Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі.


Нақыл сөздері

Адам баласының ең қажет екі қасиеті — ақыл-оймен сөз.

Ілмектер: ақыл, ой, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет Плутарх

Бiздi тұрақсыз не күйрек ететiн жағдайлар емес, олар тек бiздiң қандай екенiмiздi ашып көрсетедi.

Ілмектер: жағдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Плутарх

Мен өзiмнiң әр қимылымды қайталайтын досты қажет етпеймiн: мұны менiң көлеңкем әлдеқайда жақсы жасайды.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, көлеңке, қанатты сөздер Плутарх

Тыңдай бiл, сонда сен нашар сөйлейтiндерден де пайда табасың.

Ілмектер: тыңдау, нашар, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Плутарх

Қарап көріңіз