Нұржан Наушабаев — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Нұржан Наушабаев өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Нұржан Наушабаев жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды.