Өлең, жыр, ақындар

Тақпақ

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4341
Хұрметлу зайғы ғұмырдан -
Ұйқыда көрген түс артық.
Тар жерде тайғақ кешуде,
Ерлерің қылған күші артық.
Қу қанжыға жүйріктің
Топырыштан несі артық.
Көктемесе жаңбыр боп
Қайырсыз жаздан қыс артық.
Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық.
Қадір білмес туғаннан
Құныңды білген дос артық.
Дүниеге қару қылмайтын
Қартайған шалдан жас артық.
Ауру үшін жан қиған
Туысы жақсы бас артық.
Білмей шалқып сөйлеуден,
Сөйлемей тұру бес артық.
Аталы болған жаманнан
Өзі болған тек артық.
Кейінге үлгі қалдырған
Шешендердің тілі артық.
Әрбір істің қалпына
Аңғырттықтан еп артық.
Шаппайтын алмас қылыштан
Қолдағы қамшын көп артық.
Суы ащы теңізден
Томар да болса көл артық.
Арық малдың етінен
Бір тостаған сөк артық.
Сайран етіп жүруге
Қараңғы түнен күн артық.
Қара озып кеткен шешен жоқ,
Өзімнен озып көп артық.
Шамалы жерге тарықпан,
Салсаң да ауыр жүк артық.
Мағынасын біліп түсінген,
Сөйлейді демес неге артық.
Таразы махшар күнінде
Алла білер кім артық.
Күні суық зымыстан
Қаһарлы қыстан жаз артық.
Көз жұмып күш еткеннен,
Базына қылған наз артық.
Шаң көрсетпес жүйрік жоқ,
Қара озып кеткен, оза артық.
Он ұл туса біреуден
Бірінен-бірі жүз артық.
Бағасынша өзінің
Қалайыдан жез артық.
Ойға салсаң нұржанның
Көп ақыннан сөзі артық.
Бейғамал жеңіл көңілден
Сабыр еткен ой артық.
Кішілік жоқ ақылға
Керек емес бой артық.
Әр құралын сай болсын,
Шаман келсе, жи артық.
Жаныңа жаны қосылған
Досқа болмас сый артық.
Жәуһарында мыс қылмай,
Сақтауға керек ми артық.
Тыңдашы, ей, даналар,
Бұл сөзімді біл артық.
Неше топқа салғанда
Мүдірмей кеткен тіл артық.
Жиренше сынды шешеннен,
Осы күнде кім артық?
Қызыл гүлің сормай тұрып,
Ер жігітке тәубе артық.
Ғазиз жанын тілейді,
Қастеліктен сауды артық...
Қызығып қақпан басарсың,
Достан көрсең жауды артық.
Бейасылдан асыл артық,
Нәсілсізден нәсіл артық.
Дос көңілін жаралап,
Іс қылмайды асып артық.
Кір жұқтырмай бойына,
Сақтап жүрер басын артық...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қапы қалма

  • 0
  • 0

Ей, Нұржан, қаламыңды қолыңа алшы,
Тоттанып бүршік басқан көңілді аршы.
Елу үш жасқа келдің кәрі тарлан,
Қыймылда қалған жоқ па бірер тамшы.

Толық

Заманның қалпына айтылған сөздер

  • 0
  • 0

Ниет һәм құлқы бөлек әр адамның
Әй, нұржан, мұнан басқа жоқ табарың.
Мұнәжәт һәр нақылдан жазып қара,
Қалпына лайық етіп замананың.

Толық

Мұқидаш-ай

  • 0
  • 0

Өлең айтқым келмейді ерінгеннен,
Бойым байсал тартады керілгеннен.
Көтеріңкі көңілім тарта бастар,
Қалқатайдың аулы көрінгеннен.

Толық

Қарап көріңіз