Мұқидаш-ай – Нұржан Наушабаев

Бұл бетте «Мұқидаш-ай» атты Нұржан Наушабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2474
Өлең айтқым келмейді ерінгеннен,
Бойым байсал тартады керілгеннен.
Көтеріңкі көңілім тарта бастар,
Қалқатайдың аулы көрінгеннен.
Мұқидаш-ай-хай,
Кеттің-ау, қалқа, ой, дүние-ай.

Анадайдан көрінген сенің көшің,
Қошқар мүйіз қолыңда білтегешің.
Кішкентайдан бірге өскен, қалқатайым,
Сеніменен өткізген айлы кешім.
Мұқидаш-ай-хай,
Сүйгенім, сәулем, ой, дүние-ай.

Айналайын қарағым көлбегейлім,
Салушы едің шығарып көлге дейін,
Мал бердім деп бір жаман алып кетті,
Қоспаған соң құдайым мен не дейін.
Мұқидаш-ай-хай,
Сүйгенім, сәулем, ой, дүние-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері