Өлең, жыр, ақындар

Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз ақын — қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағындағы Жарыпшыққан деген өзеннің бойында туған. Исатай – Махамбет көтерілісіне қатысып, көтеріліс басылған соң біраз уақыт қуғында жүрген. Хиуа хандығын барып паналаған. Баймағанбет Айшуақов сұлтан (Жәңгір ханның сенімді адамы болған) соңынан қалмаған соң, өз еркімен сұлтанға барып, кейінгі өмірін соның маңында өткізген. Бірақ көтеріліске қатысқан достарын ешуақытта ұмытпаған. Исатай мен Махамбетті мақтап өлеңдер шығарған. Оларды ылғи ел билеушілерге, әсіресе өзінің соңғы қожасы Баймағанбетке қарсы қойып өлеңдер айтқан. Өлеңді ауызша, суырып салып шығарған Шернияз шығармаларының көбі сақталмаған. Ел аузында қалған азын-аулағы 1925 жылы Мәскеуде басылған. Шернияз шығармаларының бірқатар қолжазба нұсқалары Қазақ Ғылым академиясының ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында жинақталған. Шернияздың әдеби мұрасын зерттеп, әдебиет тарихына қосуда Х.Досмұхамедов пен Қ.Жұмалиевтің еңбектері зор.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Шыдамай Шерің қозғап, шынын көйтсе,
Қылышпен алтын сапты басты аларсың.

Ілмектер: қылыш, алтын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шернияз Жарылғасұлы

Жақсы болса іні — ортақ.

Ілмектер: іні, қанатты сөздер, нақыл, афоризм, ағайын-туыс туралы, ағайын Шернияз Жарылғасұлы

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.

Ілмектер: қыз, той, сұлу, ой, ақыл Шернияз Жарылғасұлы

Ай - ортақ, қайырлы болса - бай ортақ.

Ілмектер: бай, байлық Шернияз Жарылғасұлы

Қарап көріңіз