Өлең, жыр, ақындар

Диего Армандо Марадона

Диего Армандо Марадона (ис. Diego Armando Maradona, 30 қазан 1960 жыл, Буэнос-Айрес, Аргентина — 25 қараша 2020 жыл, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы, шабуылшы. Аргентина футболының тарихындағы қайталанбас ең зор футболшы болып табылады.

Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1982, 1986, 1990, 1994). 1986 жылы Әлем Чемпионы және 1990 жылы вице-чемпион атанды. 1979 және 1980 жылдары Оңтүстік Американың Жыл Футболшысы атaғын алды. Марадонаның сүйікті «Бока Хуниорс» клубы да осы жылдары чемпион болды. Кейін "Наполи" клубында екі дүркін Италия чемпиондығын алып берді. Кейін бапкерлікпен айналысты.


Нақыл сөздері

Бапкерлер ешқашан жеңіске жетпейді: мейлі Марадона, Менотти немесе Билардо болсын. Нағыз жеңімпаздар тек ойыншылар ғана болады.

Ілмектер: жеңімпаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Диего Армандо Марадона

Қарап көріңіз