Өлең, жыр, ақындар

Құрманғазы Қараманұлы

Құрманғазы Қараманұлы — 1943 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976-1996 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларында редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Көк Аспан — Қара жер» танымдық газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазір «Айта жүрер әңгіме» дайджест-альманағының редакторы.[1] Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма жөніндегі кеңестің төрағасы.Алғашқы көлемді шығармасы — «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 жылы облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланған. Сондай-ақ ол ағылшын жазушылары Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» («Жалын», 1979), И.Стоунның «Грек қазыналары» («Жазушы», 1983), орыс жазушысы Г.Гриннің «Комедианттар» («Жалын», 1984), Сервантестің екі бөлімнен тұратын «Дон Кихот» («Аударма», 2006,2007) романдарын, Чезаре Павезенің «Ғажайып жаз», «Жотадағы жынойнақ», «Жолдас», «Ай мен алау» («Аударма», 2008) роман-хикаяттарын қазақ тілше аударған.

1987 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008).


Қарап көріңіз