Мейірхан Ақдәулетұлы

Мейірхан Ақдәулетұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Ақдәулетұлы Мейірхан (10.8.1951. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) — журналист.

Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1981). Еңбек жолын шопандықтан бастап, тракторшы, Қарабұтақ ауданы комсомол комитетінде қызметкер, «Жаңа өмір» газетінде тілші, «Пионер» журналында аға редактор, «Арай-Заря» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Қаржы-Қаражат» баспасының бас редакторы, «Дәуір-Время» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Алтын Орда» газетінің бас редакторы (1981-2004), 2004 жылы қараша айынан бастап ЖШС «Шамшырақ» директоры. 2001 жылдың сәуір айынан «Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. «Бастау» (1980), «Шырақ ғұмыр» (1984), «Жалғыз досым - жүрегім» (1990), «Дәруішнама» (1996) кітаптарының авторы.