Әзілхан Нұршайықов

Әзілхан Нұршайықов туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан 1922, Ақбұзау ауылы, Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 12 ақпан 2011, Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

Найман тайпасының Бура руынан шыққан.

Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.
1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды.
Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).
1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,
1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы,
1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді.
1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.
2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.

Шығармашылығы

Тоғыз толғау, А., 1977
Автопортрет, А., 1977
Шығ. жин. 2 т., А., 1992
Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996
Қаламгер және оның достары, А., 2000
Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000
Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002
Ақиқат пен аңыз, А., 2004
Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005
Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005
Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005.
Мәңгілік махаббат жыры: поэма.- А.:Өлке,2005.- 607 б.
Мен журналистпін.-А.: Қазақстан, 1977.-167 б.
Батырдың өмірі: шағын повестер, әңгімелер, естеліктер.-А.: Жазушы,1969.- 176 б.
Боздақтар.-А.:Санат, 2005
Жер туралы жыр: очерктер.-А.:Қазақстан, 1974.-320 б.
Екі естелік (Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы хиқая, эсселер).-А.:Жалын,1985.-176 б.
Аудармалары
И. Буниннің шығармаларын, М. Шолоховтың “Адам тағдыры”, П. Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды.

Жеке қасиеттері

Әскери шені — аға сержант.
Хоббиі — фотография, жақсы кітаптар жинау.
Жұбайы — Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары — Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған), экономист; ұлдары — Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған), инженер-электрик.