Өлең, жыр, ақындар

Құрманғали Қуанышбай

Құрманғали Қуанышбай — 1942 жылы 1 маусымда Қостанай облысының Әулиекөл (бұрынғы Семиозерное) ауылында туған. Орта мектепті Қоржынкөл ауылында 1959 жылы бітіріп, Алматыға Қарғалы кооперативтік техникумында оқыған, 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1976 жылы қазіргі "Жас Алашта" корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі, 1976-1978 және 1989-1992 жылдары "Ақиқат" (бұрынғы "Қазақстан коммунисі") журналында аға әдеби қызметкер, жауапты хатшы және бас редактордың орынбасары, 1978-1986 және 1990-1994 жылдары "Жалын" баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болған. 1986-1988 жылдары Қазақ энциклопедиясының бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1995-1996 жылдары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және "Ел" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының вице президенті — республикалық баспа кабинетінің директоры, "Ғылым" ғылыми баспа орталығының бас директоры болды.[1]

Тұңғыш өлеңдерінің тұсауы "Лениншіл жаста" 1960 жылы кесілді. "Арман аралы" ("Жалын", 1981), "Қош, қалққатай" ("Жалын", 1990) өлендер жинағы жарыққа шықты. Б.Шубиннің "Доктор Чехов" ("Жалын", 1979), В.Севостьянов, Г.Анисимовтің "Жұмыр жердің перзенті" ("Өнер", 1981), И.Стредкованың "Шоқан" ("Жалын", 1986), "Орыс халық ертегілері " ("Жалын", 1990) кітаптарын тәржімалап, жарыққа шығарды.


Қарап көріңіз

Пікірлер