Сұлтанмахмұт Торайғыров нақыл сөздері

Сұлтанмахмұт Торайғыров нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!

Ілмектер: қазақ, күн, көк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Балалықтың қанына ойын азық.

Ілмектер: бала, ойын, нақыл, афоризм Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек.

Ілмектер: өлең, ән Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Өлең-жыр - көңілді түзететін машина.

Ілмектер: өлең, жыр, нақыл сөз Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.

Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ілмектер: тіл, ана тілі Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.

Ілмектер: ынтымақ Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

Ілмектер: тіл, ана тіл, мән Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Тілден – зікір, көңілден – пікір.

Ілмектер: тіл, зікір, көңіл, пікір Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы

Ілмектер: адам, бақыт, цитата, дәйексөз Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram