Абдолла Жұмағалиев

Абдолла Жұмағалиев  (1915-1942) — қазақтың ақыны. 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).

 Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943). Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген. 1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Ол “Токиодағы дауыс”, “Шығыс қызы”, “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады. Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Кейін ақынның әдеби мұралары “Таңдамалы өлеңдер”, (1945), “Өшпес жалын” (1962), “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.


Нақыл сөздері

Ұласпаса дауысы
Ғасырлардан ғасырға,
Ақын шіркін ақын ба?!

Ілмектер: дауыс, ақын, ғасыр Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Уа, адамзат, дүниеге күле кіресің,
Мол болса еді-ау өмірден алатын қызық, үлесің.

Ілмектер: адамзат, дүние, өмір, қызық, үлес Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Миуасын үзген бақшаңда шыбығың қанша қадаған? Өмірлік ұшпақ атанған қасиетті мынау сарайға Кірпішің қанша қалаған? Есеп бер женер алдында!

Ілмектер: бақша, шыбық, өмір, кірпіш, есеп Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Өмірден үлес алдың ба, өкінбей күліп өтерлік?
Артыңда мұра қалды ма, келешек мақтан етерлік?

Ілмектер: келешек, мұра, өмір, үлес, өкініш Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Секілді бір аққан жұлдыз
Ғайып болма қараңғыда!

Ілмектер: жұлдыз, ғайып, қараңғы Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Думанды мынау өмірден сыбағаңды ала біл,
Ал келешек ұрпаққа келгенің жайлы, із қалдырып!

Ілмектер: думан, өмір, сыбаға, ұрпақ, із Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Адам болып өмірге келдің ауыр жүк артып,
Ластап өтсең өмірді, аңнан сенің нең артық?!

Ілмектер: адам, өмір, аң Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Келер күн келеді екен не дайындап?

Ілмектер: күн Абдолла Жұмағалиев
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз