Өлең, жыр, ақындар

Совет-Хан Ғаббасов

Совет-Хан Ғаббасов (Ұждан) (12.2.1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Сұңқар ауылы) – жазушы, педагогика ғылым докторы (2003), Алматы мемлекеттік медициналық институтының (1965, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу факультетін бітірген. 1971-78 жылдары Қазақтың клиникалық-эксперименттік ғылыми-зерттеу хирургия институтында, 1978-87 жылдары Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеді. Дәрігер-ғалым қазақ тілінде «Қан жүрісі – жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) кітаптарының авторы. 55 ғылыми мақала, 2 авторлық куәлігі бар. 1989 жылдан Қазақ педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылым Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» (1995) еңбегі халық педагогикасының оқулығы ретінде пайдаланылып келеді.


Қарап көріңіз

Пікірлер