Абдуррауф Фитрат

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Абдуррауф Фитрат (өзб. Abdurauf Fitrat; 1885 жыл – 1938 жыл) — өзбек тарихшысы, филолог, аудармашы, жазушы, драматург, ақын, қазіргі өзбек тілі әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

Абдуррауф Фитрат 1885 жылы Бұхарада дүниеге келген. Әкесі, Әбдіррахман бей, анасы Бибіжан. Алғашқы білімін Мирараб медресесінде алған. 1909 жылы Бұхара модернисттердің қолдауымен Ыстанбұлға барды. 1909-1913 жылдар аралығында Түркияда өмір сүрген.

А.Фитрат 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында құрылған «Шағатай грунги» бірлестігінің белсенді мүшелерінің бірі болды. «Шағатай грунгиінің» құрылуына орыс империялық отарларының өзбек халқын езгіге ұшырауы, халықтың кеңес өкіметіне наразылығы, орын алған көтерілістер себеп болды.

А. Фитрат, А. Чолпанмен қатар «Шағатай грунги» ұйымының белсенді мүшелері Каюм Рамазанов, Елбек, Шәкіржан Рахими, Ғұлам Зафари, Мир Молло Шермохамедов, Ғази Юнусов, Бату, Санжар Сиддигов сынды модернистер болды.

Абдуррауф Фитрат шығармалары

Ең көп оқылған материалдар

Барлық туындыларын көру

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары