Әбу Сәрсенбаев — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Әбу Сәрсенбаев өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Әбу Сәрсенбаев жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Әбу Сәрсенбаев (15.10.1905, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ботақан а. — 25.11. 1995, Алматы қ.) — ақын. ҚР-ның халық жазушысы (1996). Астрахандағы кеңес-партия (1929), Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектептерін бітірген. 1942-47 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатыскан. «Темір жолшы» газетінде (1934-36) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспаларында (1936-42) директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу- педагогикалық баспасының (1947—53) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953—58) болды.