Өлең, жыр, ақындар

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Б.Бегалиев атындағы орта мектебі

Куспанова Алтынай Анубековна

2 сынып математика пәні

 

Сабақ тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

Сабақ мақсаты:

Тік  төртбұрыштың  (шаршының)  периметрін табу, ережесімен таныстыру

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың  тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен

таныстыру,екі амалмен шығарылатын есептерді құру,шешу, бекіту.

Дамытушылық: Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру,ойлау қабілетін , шығармашылығын дамыту,компьютермен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты жазуды, бірлікке,ынтымақтыққа, шапшаңдыққа,ұжымдыққа,   еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,өзбеттік жұмыс,топтық,жеке,ұжымдық, компьютермен жұмыс.

Көрнекіліктер:   Фигуралар, сызбалар, Мультимедия, Электрондық оқулық, Бағалау бетшесі

Қолданылатын құрал:

Интерактивті тақта, кесте

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімді тиянақтау
  • Ойын жеткізе білу
  • Есте сақтауға ықпал ету
  • Оқушының білім деңгейін  нақты көрсету
  •  Компьютермен жұмыс істеу
  • Өзін -өзі тексеру, бағалау

Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды екі  топқа бөлу,

әр топтың топбасшыларын таныстырады.

Әділбеков Бекзат,   Арарат Гүлдана

1 – топ: Үшбұрыш.

 Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?

2 – топ: Төртбұрыш.   Төртбұрыштың қабырғалалары нешеу?

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

Үшбұрыштың периметрін табу

ІІІ.  «Ой қозғау»

Оқушыларға әр түрлі фигураларды таратып берілді.

Сол фигуралар туралы таныстырады.(қабырғалары нешеу,бұрыштары,төбелерін көрсету)

Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

1.8 онд. пен  5 ондықтың  айырмасына тең  болатын:

2.  7  бірл.  пен  3 бірліктің   айырмасына  тең  болатын;

3. 9 бірл.пен  7 бірліктің   қосындысына  тең  болатын;

4.  3 онд. пен  1  бірліктің  айырмасына  тең  болатын;

 

1-Тік төртбұрыш дегеніміз не?
-Қарама-қарсы қабырғалары тең фигураны тік төртбұрыш дейміз.
2- Шаршы дегеніміз не?

-Барлық қабырғалары бірдей фигураны шаршы дейміз.

І V.  Жана сабақ              Оқулықпен жүмыс

№ 1  Топпен жұмыс

І топ:   

Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу. Не байқадың? Тік төртбұ-рыштың периметрін тап. Тіктөртбұрыштың периметрі        2см+2см+3см+3см =10 см

ІІ топ:

Шаршының қабарғаларын өлше.Не байқадың? Шаршының периметрін тап.          

Шаршының периметрі 2см+2см+2см+2см =8 см

Шығармашылық есеп

Үстелдің  4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы болады.

№2 Есеп қрастыр және шығар:

Шырша ойыншығы – 30 теңге                           

Қоңырау- ? 6 теңге қымбат  

Шешуі: 30+(30+6) =66                                         

Ж. 66   теңге                                      

Зырылдауық – 90 теңге  

Құрастырғыш--? 10 теңге арзан   

Шешуі: 30+(30+6) =66                                          Шешуі: 90 – 10=80

Ж. 80 теңге

 

Сергіту:     «Кел, ойнайық:»     Кестеге өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастыр.Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз.

30 – 1 = 29  Р              8 + 8  =  16      П           18 – 9 =    9    А          14+5=    19      Ы

74 – 70 = 4    Қ          13 – 6 = 7       А          4 + 7  =   11   М            17 – 9 =    8     Л


3-есеп.      Өзбеттік жұмыс          Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

І.   а мен 30 санының қосындысы, мұндағы        а =27;  8

ІІ.   а мен 6 санының айырмасы, мұндағы          а = 76;  89

27 + 30              8 + 30               76 – 6                            89 – 6

Шығармашылық есеп

 

Барлық қабырға тең екен, 

Бұрыштары тік болса,

Өлшеп көрсем төрт екен.

Қабырғасы төртеуден.

Табуды біз үйрендік, 

Ұзындығы 3 болса, 

Ені оның 2ге тең.

Есептеп сен айта ғой,

Периметрі нешеге тең?

 

№  4-есеп.Теңдеулерді шеш. 

а+8=98           а- 5= 40

 

Шығармашылық есеп

Стаканға, кесеге және шыны аяққа кофе, шырын және шай құйылды. Стаканға құйылған кофе емес, кесеге құйылған шырын да кофе де емес, ал шыны аяққа құйылған шырын емес. Ыдыстардың қайсысына не құйылды?

 

Стакан                                        кофе

Кесе                                             шырын

Шыны аяқ                                  шай

 

№ 5    Бос тор көздерді толтыр.

17-ні және 18-ді қосынды түрінде жазып көрсет.Сәйкес айырмаларды жаз.Олардың мәндерін тап.

Шығармашылық есеп

  1.Балапанға көмектес   

 (12+3) – 10=5      (12 – 3) – 4 =5

2. Компьютермен жұмыс .

Тестімен жұмыс

V .Қорытынды:

Не үйрендік? Не білдік?

V І.  Үй тапсырмасы:    99беттегі  № 6 есептер

V ІІ.Бағалау.


Пікірлер (3)

Нұрай

Өте жақсы, керемет,Супер.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз